$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қайрат Құдайбергенге қысым көрсеткен прокурордың үстінен қылмыстық іс қозғалды

Ол қызметкер Құдайбергенді қажетті айғақтарды бермесең, ұзақ мерзімге түрмеге жабыласың деп қорқытқан

Қайрат Құдайбергенге қысым көрсеткен прокурордың үстінен қылмыстық іс қозғалды
Фото ашық дереккөзден

Қайрат Құдайбергенге қысым көрсеткен прокурордың үстінен қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы адвокат Мұрат Амидов әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Адвокат Мұрат Амитовтың хабарлауынша, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қайрат Құдайбергенге қысым көрсеткен қызметкерге қатысты азаптау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғаған.

Бұған дейін мәслихат депутаты Қайрат Құдайбергенге тергеу изоляторында моральдық және психологиялық қысым жасалғаны туралы хабарланған болатын.

"Тергеу изоляторында отырған өз қорғауымдағы Қайрат Құдайбергенге барған кезде, оның сөзінен Қазақстан бас прокуратурасы ведомствоаралық жедел тергеу тобының қандай да бір қызметкері адвокаттар жоқ кезде Қайраттың ар-намысы мен қадір-қасиетін қорлай отырып, моральдық-психологиялық қысым көрсеткенін білдік. Ол қызметкер менің қорғауымдағы азаматты қажетті айғақтарды бермесең, ұзақ мерзімге түрмеге жабыласың деп қорқытқан", - деп жазды Амитов әлеуметтік желіде.

 

Серіктес жаңалықтары