$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Алматы полициясы екі жігіттің қызды күштеп көлікке отырғызған видеосына қатысты түсінік берді

Жігіттердің бірі қызметтік куәлігін көрсетеді

Алматы полициясы екі жігіттің қызды күштеп көлікке отырғызған видеосына қатысты түсінік берді
Фото ашық дереккөзден

Алматы полиция департаменті тапа-тал түсте екі жігіт көлікке күштеп отырғызып кеткен қызды ұстаған видеоға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Куәгер түсірген видео Telegram арналарының бірінде жарияланды. Видеодан екі жігіт қызды көлікке күштеп отырғызып жатқанын көруге болады. Жігіттердің бірі қызметтік куәлігін көрсетеді.

Оқиғаға қатысты Алматы қалалық ПД түсініктеме берді.

«Осы азаматқа қатысты Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне ҚР Қылмыстық кодексінің190-бабы (алаяқтық) бойынша екі іс тіркеді. 11 млн теңгеден астам залал келтірген . Тұтқындау кезінде ол полиция қызметкерлеріне қарсылық көрсетіп, оларға пышақ ала жүгірген», - деді Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі

Ведомстводағылар қыздың «қосымша тергеу үшін Алмалы аудандық полиция бөліміне жеткізілгенін» түсіндірді.

Серіктес жаңалықтары