19.05.2022, 01:47
Жаңалықтар
Шымкентте белгісіз біреулер оңбай сабап кеткен ер адам комада жатыр
Қылмыскерлер оқиға орнынан қашып кеткен
Фото ашық дереккөзден
Шымкентте белгісіз біреулер оңбай сабап кеткен ер адам комада жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy жергілікті Otyrar.kz сайтына сілтеме жасап.
Шымкентте белгісіз біреулер ер адамды сабап кеткен. Оқиға 16 мамырда "Көктем" базарының маңында болған. Зардап шеккен шымкенттік ауыр халде реанимацияға түсті. Дәрігерлер оның 3-дәрежелі комада жатқанын растады.
Басылымның мәліметінше, қылмыскерлер оқиға орнынан қашып кеткен. Базардың бейнекамералары оқиғаны түсіріп алған.
Комада жатқан Арысбек Құралбеков - отбасының жалғыз асыраушысы және үш баланың әкесі.
Арысбектің туыстары күдіктілердің сол күні Еңбекші АПБ-ға жеткізіліп, бірақ кейін босатылғанын айтты.
Көп оқылған
04.11.2026, 17:54
Қуандық пен Сағындық: Бишімбаевтың бұрынғы әйелі Қозыке әулетінің құпиясын жайып салды (ВИДЕО)
04.11.2026, 16:09
Павлодарда мектеп басшылығы екі оқушы қыздың зорланғаны туралы полицияға хабарлаған
Бүгін, 02:13
Қыздарына барып келе жатқан: ерлі-зайыпты Астана – Петропавл тас жолында жол апатынан қаза тапты
04.11.2026, 15:24
«Полиция формасын хэллоуинге теңеген»: әйел адам әзілдемеймін деп басы дауға қалды (ВИДЕО)
04.11.2026, 16:32
Қайғылы жағдай: Текеліде 11 жастағы қыз баланы экскаватор басып кетті
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды