АЭА жұмысындағы заңбұзушылықтар: 24 лауазымды тұлға жауапқа тартылды
Аудит барысында АЭА қызметін реттейтін заңнама бұзылғаны анықталған
Есеп комитеті арнайы экономикалық аймақтардың (АЭА) жұмысында заңбұзушылықтарды анықтады. Аудиттен кейін 24 лауазымды тұлға жауапқа тартылды. Бұл туралы Есеп комитетінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
"Аудит барысында АЭА қызметін реттейтін заңнама бұзылғаны анықталды.
Атап айтқанда:
АЭА қатысушылары туралы мәліметтерді өзектендірудің тәртібі мен кезеңділігі регламенттелмеген;
АЭА-ның 2020 жылғы қызметінің тиімділігіне бағалау жүргізілмеген;
құрылған АЭА-ның даму стратегиялары уақтылы келісілмеген.
Есеп комитеті Қазақстан Республикасы заңнамасының бұзылуына жол берген лауазымды адамдардың жауапкершілігін қарау бойынша шаралар қабылдауды тапсырды", - делінген хабарламада.
Осылайша, міндетін тиісінше орындамағаны үшін 24 лауазымды адам жауапқа тартылды, оның ішінде: 12 лауазымды адамға "сөгіс" түрінде, 11 лауазымды адамға "ескерту" түрінде тәртіптік жаза қолданылды, 1 лауазымды тұлға жұмыстан босатылды.