Turkistan Invest төрағасының орынбасары 3 жарым жылға сотталды
Сотталушы орташа қауіпсіз түзеу мекемесінде жазасын өтейді
«Turkistan Invest» Инвестициялар тарту және экспортты дамыту жөніндегі өңірлік агенттігі» ЖШС басқарма төрағасының орынбасары А.Ержанов 3 жыл 6 айға сотталды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Телеграм-арнасында жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Хабарламада көрсетілгендей, Түркістан қалалық сотының үкімімен сотталушы орташа қауіпсіз түзеу мекемесінде жазасын өтейтін болады.
«Ол «Композит Групп Казахстан» ЖШС басшылары С.Конусов пен А.Гомаюмовты алдау жолымен 2 млн теңге иемденгені және Түркістан облысы әкімдігінің лауазымды тұлғаларына тракторларды жеткізу бойынша Мемлекеттік сатып алулар конкурсының жеңімпазы деп танып, пара беруге айдап салғаны үшін кінәлі деп танылды», - делінген ведомство хабарламасында.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.