$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Алматыда салмағы 6 келіден асатын қыз бала дүниеге келді

Баланың анасы аурухана қызметкерлеріне алғыс айтты

Алматыда салмағы 6 келіден асатын қыз бала дүниеге келді
Алматы қалалық №2 перзентхананың баспасөз қызметі

Алматы қаласында салмағы 6 келіден асатын қыз бала дүниеге келді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Нәресте №2 қалалық перзентханасында өмірге келді. Перзентхана қызметкерлері салмағы ауыр баланың дүниеге келетінін болжап, алдын ала дайындалды. Алайда оның салмағы 6 келі 20 грамм болады деп ойлаған жоқ.

«Біз баланың салмағы 6 келіден асады деп күткен жоқпыз. Жүктілік кезінде жасалған ультрадыбыстық зерттеу сәбидің төрт килограмнан асатынын көрсеткен. Алайда, ол әдіс арқылы нақты массаны анықтау мүмкін емес. Бала кесарь тілігімен емес, табиғи жолмен дүниеге келді»,- деді перзентхананың неонатология бөлімінің меңгерушісі Диляра Сыртланова.

Екінші баласын өмірге әкелген 23 жастағы ананың жағдайы қазір жақсы. Ана мен бала 29 күн дәрігерлер мен медбикелердің бақылауында болды.

«Мұндай жағдай біздің перзентханада ғана емес, қалада да сирек кездеседі. Қазіргі уақытта ана мен жаңа туған нәрестенің жағдайы бірқалыпты, оларды үйге шығардық»,- деп атап өтті дәрігер.

Өз кезегінде баланың анасы аурухана қызметкерлеріне алғыс айтты.

«Перзентхананың бүкіл ұжымына, дәрігерлерден бастап санитарларға дейін алғыс айтқым келеді. Олардың кәсіпқойлығы, зейінділігі мен адамгершілігі арқасында баламды аман-сау өмірге әкелдім», - дейді Инабат Қостанбай.

Серіктес жаңалықтары