ШҚО-да тыйым салынған діни кітаптарды таратқан адам ұсталды
Тәркіленген заттар ШҚО Дін істері басқармасына дінтану сараптамасын жүргізуге жіберілді
ШҚО ПД Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері облыс орталығының 32 жастағы тұрғынымен тыйым салынған діни әдебиеттің тарату фактісін анықтады. Бұл туралы Azattyq Rýhy ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Оның тұрғылықты жерін тінту барысында «Салафия» атты деструктивті діни бағыттағы 17 кітап пен 8 диск табылып, тәркіленді. Тәркіленген заттар ШҚО Дін істері басқармасына дінтану сараптамасын жүргізуге жіберілді.
«Өскемен қаласының әкімшілік сотымен 12 мамыр куні ер адам ҚР ӘҚБтК-нің 453-бабының 4-бөлімімен (Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күштеп өзгертудi, оның тұтастығын бұзуды, мемлекет қауiпсiздігіне нұқсан келтiрудi, соғысты, әлеуметтiк, нәсілдiк, ұлттық, дiни, тектiк-топтық және рулық араздықты қоздыруды, қатыгездiкке, зорлық-зомбылыққа бас ұруды және порнографияны насихаттауға немесе үгiттеуге бағытталған мәлiметтер мен материалдар қамтылған, бұқаралық ақпарат құралдарына жатпайтын өзге де өнiмдi Қазақстан Республикасының аумағында дайындау, сақтау, әкелу, тасымалдау, тарату) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Осы баптың санкциясына сәйкес қаскөй 100 АЕК мөлшерінде айыппұл төледі», - делінген Полиция департаменті таратқан хабарламада.