Иракта 4 мыңнан астам адам құмды дауылдан соң ауруханаға жеткізілді

Azattyq Rýhy

Елдің денсаулық сақтау министрлігі азаматтарға көшеге шықпау керек екенін ескертеді

Иракта 4 мыңнан астам адам құмды дауылдан соң ауруханаға жеткізілді
aa.com.tr

Ирактың көптеген аймағында болған аса қатты құмды дауыл салдарынан тұншығып қалу қаупі төнген 4 мыңнан астам адам ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ирак Денсаулық сақтау министрлігі жасаған жазбаша мәлімдемеге қарағанда, ел өміріне кері әсер етіп отырған құмды дауыл салдарынан мыңдаған адам дәрігерлер көмегіне жүгінген.

«Ауруханаға түскен науқастардың саны 4000-нан асты, олардың бәрі бүкіл ел бойынша болған құмды дауылдан зардап шекті», - деп жазады Anadolu агенттігі.

Бүгін таңертең Ирактағы күшті құмды дауыл қайта басталды. Бағдад, Наджаф және Сүлеймания халықаралық әуежайларында рейстер уақытша тоқтатылды.

Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз хатшысы Сейф Бедир шаңнан тұншығу қаупі жоғары болғандықтан тағые 2 мың адамның ауруханаға жеткізілгенін айтты.

Ирак денсаулық сақтау министрлігі азаматтарға көшеге шықпау керек екенін ескертті.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.