Ақтауда балаларды балтамен қорқытқан ер адам қамауға алынды

Azattyq Rýhy

Зардап шеккендердің айтуынша, ер адам жартылай жалаңаш болған

Ақтауда балаларды балтамен қорқытқан ер адам қамауға алынды
Фото ашық дереккөзден

Мас ер адам кәмелетке толмаған үш баланы пәтеріне күштеп апарып, оларды балтамен қорқытқан. Зардап шеккендердің айтуынша, ер адам жартылай жалаңаш болған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Lada.kz сайтына сілтеме жасап.

Маңғыстау облыстық сотының баспасөз қызметі ер адамның ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 434-бабының 1-бөлігінде көзделген "Ұсақ бұзақылық", яғни айналасындағыларға құрмет көрсетпеу, қоғамдық тәртіп пен жеке тұлғалардың тыныштығын бұзатын әрекеттерге бару бойынша әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылғанын жеткізді.

Оған үш тәулік мерзімге әкімшілік қамау түрінде әкімшілік жаза қолданылды.

Оқыс оқиға 10 мамырда сағат 14:30 шамасында 4-ші ықшам ауданда орын алды.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.