Каспий теңізіне батып кеткен үш адамның бірінің денесі табылды
Оқиға орнында 10 құтқарушы және екі техника, үш дәрігер жұмыс істеп жатыр

Маңғыстау облысында Каспий теңізіне шомылу кезінде төрт адам суға бата бастаған. Олардың бірін сол маңдағы адамдар жағаға алып шығып, аман алып қалды. Бұл туралы Маңғыстау облыстық ТЖД баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«16 мамырда сағат 17.32 кезінде құтқару қызметіне куәгерлер хабарласып, Ақтау қаласының 4-ші ықшам ауданында шомылуға рұқсат етілмеген жерде төрт адамның суға түсіп, Каспий теңізіне батып бара жатқанын жеткізді. Оның біреуін сол маңдағы адамдар жағаға шығарып үлгерген. Үш адамды құтқару мүмкін болмады. Құтқарылған 1996 жылы туған Бейнеу ауылының тұрғыны ауруханаға жеткізілді, жағдайы бірқалыпты. 1999 жылы туған бір азамат пен Қарағанды қаласының екі тұрғыны суға кетті. Олардың жеке басы анықталып жатыр. Сағат 19.58 кезінде Қарағандының бір тұрғынының денесі судан шығарылды», - делінген хабарламада.
Оқиға орнында 10 құтқарушы және екі техника, үш дәрігер жұмыс істеп жатыр.
Құтқарушылар суға түсуге арналмаған жерде шомылмаған жөн ескенін еске салады.