Түркістан облысында шекарадан есірткі алып өтпек болған Өзбекстан азаматы ұсталды

Azattyq Rýhy

Қазіргі таңда күдікті қамауда

Фото ашық дереккөзден

Түркістан облысы Сарыағаш аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері «Жібек жолы» шекарасының бақылап-өткізу бекетінен есірткі алып өтпек болған Өзбекстан Республикасының азаматын ұстады. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Өзбекстан тұрғыны «Daewoo Nexia» маркалы автокөлігімен Қазақстан Республикасының аумағына өтерде «Джайма» атты қызметтік ит сезіктеніп, белгі береді. Сақшылар бірден тексеру жұмыстарын жүргізеді. Нәтижесінде күдіктінің жазғы аяқ киімінен полиэтилен пакетке салынған есірткіге ұқсас зат табылды. Полиция қызметкерлері айғақты тәркілеп, ҚР ҚК-нің 286-бабы 1-бөлігі «Айналыстан алып қойылған заттардың немесе айналысы шектелген заттардың контрабандасы» бойынша тіркеді. Сараптама тағайындалды.

 Зерттеу қорытындысымен шетелдіктен алынған заттың «гашиш» есірткісі екені анықталды. Қазіргі таңда күдікті қамауда, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.


 

 

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.