Алматыда жаяу жүргіншілер өткелінде оқушы қызды көлік қағып кетті

Azattyq Rýhy

Оқиға салдарынан оқушы дене жарақатын алды

Алматыда жаяу жүргіншілер өткелінде оқушы қызды көлік қағып кетті
Фото ашық дереккөзден

Алматыда жаяу жүргіншілер өткелінде оқушы қызды көлік қағып кетті. Бұл туралы Алматы ПД баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қалалық полицияның мәліметінше, оқиға 14 мамырда сағат 12.25 шамасында болған. Subaru көлігінің жүргізушісі Масанчи көшесімен солтүстік бағытта бара жатып, Жібек жолы көшесінің қиылысындағы жаяу жүргіншілер өткелінде 2010 жылы туған қызды қағып кеткен.

"Оқиға салдарынан оқушы дене жарақатын алып, медициналық көмек алу үшін Алматы қаласының №1 қалалық балалар клиникалық ауруханасына жеткізілді. Бұл дерек Алмалы аудандық Полиция басқармасы қызметкерлерінің өндірісіне қабылданды", - деді Алматы қаласы ПД анықтау басқармасының бастығы полиция подполковнигі Олжас Шәріпов.

 

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.