14.05.2022, 15:21
Жаңалықтар
Ақтөбеде лотерея клубын тонаған ұры ұсталды
27 жастағы ақтөбелік он жылға дейін сотталып, дүние-мүлкі тәркіленуі мүмкін
Фото ашық дереккөзден
Ақтөбеде лотерея клубын тонаған ұры ұсталды. Күдікті деп танылған 27 жастағы жігіт қамауға алынып, тергеліп жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Күдікті кешкілік клубтың ішін бір шолып шығады. Адам аздығын білген ол сырттан бос бөтелке тауып қайта кіреді. Әкімші қызды басынан ұрамын деп қорқытып, кассадағы барлық ақшаны қалтасына салып алған. Сондағы күзетші де бөтелкеден қорқып, қарақшыға түк істей алмапты. Кассадан сол күні түскен 550 мың теңге қолды болған. Енді клубты тонағаны үшін 27 жастағы ақтөбелік он жылға дейін сотталып, дүние-мүлкі тәркіленуі мүмкін.
Көп оқылған
20.08.2026, 10:49
19 жыл бойы жатқан: Алматы тауларындағы мұздықтан табылған альпинистің кім екені анықталды
20.08.2026, 16:18
«4,5 млн теңгені қарызға беріп, кейін сотпен қорқытты»: Ұлдана Мырзуанның анасы күйеу баласы туралы сұмдық жайды әшкере етті
20.08.2026, 12:07
«Әзіл деп ойладым, анам хабарласқан соң ғана сендім»: Ұлдана Мырзуанның экс-күйеуі сотта сөз сөйледі
20.08.2026, 12:22
«4 млн теңгесін ата-анасына қайтардық»: Әділет Зейнел әкімдіктен 20 млн теңге алғанын айтты