$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Ақмола облысында 38 білім мекемесінің екеуі ғана білім беру стандарттарына толық сәйкес келген

Ал қалғандарында бірқатар кемшіліктер бар

Ақмола облысында 38 білім мекемесінің екеуі ғана білім беру стандарттарына толық сәйкес келген
Фото ашық дереккөзден

Ақмола облысында Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті жыл басынан бері 28 балабақша мен 10 мектепті тексерген. Оның ішінде тек 2 бөбекжай ғана білім беру стандарттарына толық сәйкес келген, деп хабарлайды Azattyq Rýhy  Хабар 24 арнасына сілтеме жасап.

Ал қалғандарында бірқатар кемшіліктер бар. Айталық, оқу жоспарының дұрыс жасалмауы, инклюзивті білім беру талаптарының бұзылуы, баланың даму мониторингін қамтамасыз ету үшін тиісті жұмыстардың орындалмауы секілді қателіктер анықталған. Бұл тек балабақшалардағы олқылықтар. Енді оларға аттестациядан қайта өтуге мүмкіндік беріледі. Орта білім беру ұйымдарында да біраз шикілік бар дейді, мамандар.

«Жылдық жұмыс жоспары, тәрбие жоспарлары дұрыс жасалмаған, сабақ кестесін, оқу жұмыс жоспарларын құрастыруда кемшіліктер жіберілген. Оқушылардың білімін формативті бағалауы «Kundelik.kz» электронды журналдарында пән мұғалімдері күнтізбелік-тақырыптық жоспарларын жүктемеуі, пәндік оқу кабинеттері мен жабдықтардың жоқтығы және оқу-зертханаларындың жабдықтары мен құралдардың жеткіліксіздігі, педагогтердің сапалық көрсеткіштерінің төмендігі анықталды», - деді Ақмола облысы бойынша білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті жетекшісінің міндетін атқарушы Манат Әбілмәженов.

Серіктес жаңалықтары