Орал түрмесінде төбелес болды
Төбелеске қатысқандардың бірі жансақтау бөлімінде жатыр
Түрмедегі төбелестен 9 адам жарақат алды. Жазасын өтеушілердің бірі жансақтау бөліміне жеткізілген, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Хабар 24-ке сілтеме жасап.
Оқиға Зашаған кентіндегі РУ170/2 колониясында түнгі төрттің кезінде болды. Төбелес орнынан темір біліктер мен таяқтар табылды. Оқиғаның себебі анықталып жатыр.
«Осы оқиғаның салдарынан 1 адам, яғни 1985 жылы туған сотталушы дәрігер қарағасын облыстық аурухананың реанимация бөліміне жатқызылды. Аталған факт бойынша ҚР қылмыстық кодексінің 107-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды», - дейді облыстық ПД баспасөз қызметінің бас маманы Дариға Мәжитова.
«Бізде мына «травмпунктте», оларға дәрігер-травматолог, нейрохирург қарап, көмегін көрсетіп, тігетінін тігіп, бастарын КТ-ға түсіріп, рентгенге түсіріп, содан кейін «показание» болмағасын амбулаториялық емдеуге қоя берді», - деп көрсетті Орал қалалық көпбейінді ауруханасының бөлім меңгерушісі Еркінжан Асауов.