$ 511.22  540.05  4.73
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қызылордада 3 адамның өліміне себеп болған қанды оқиғаның жай-жапсары белгілі болды

Бұл қылмысқа қатысы бар 2 күдікті әлі ұсталған жоқ  

Қызылордада 3 адамның өліміне себеп болған қанды оқиғаның жай-жапсары белгілі болды
видеодан скрин

Қызылорда 3 адамның өмірін жалмаған қанды оқиғаның жай-жапсары белгілі болды. Қылмыс - оқ тиіп ауруханада жатқан кәсіпкер Қансейіт Мектепбаевтың үйінен басталған. Оның жақындарының айтуларынша 1 күн бұрын бейтаныс адамдар үй иесін есігінің алдында соққыға жыққан, деп хабарлайды astanatv.kz арнасы.

 «Ал ертеңінде тұтқиылдан жасалған шабуылдан есеңгіреп қалдық» дейді. Қарсы беттегі дүкеннің бейнебақылау камерасына, атыс болған күні кәсіпкердің үйіне 16 адамның беттегені түсіп қалыпты деп отыр.

«Бірнеше бала ағамды сүйреді. Сүйреген сәтінде біз тоқтаңдар-тоқтаңдар деген кезімізде оқ жаудыра бастайды. Сол күні мен сұранғанмын не болып жатыр ағажан. Біреуге қарызсыз ба, алашағыңыз бар ма еді деп. Біреумен ерегісіп қалдыңыз ба деп едім. Жоқ інім деді. Біз шықсақ та, кірсек те машина тоқтаса да қорқамыз қазір», - дейді Қ. Мектепбаевтың інісі Қайрат Мектепбаев.

 Атыс 7-ші мамыр күні болған еді. Жапа шеккен 3 адам ауруханаға түскен. Соның бірі кәсіпкер Қансейіт Мектепбаев, оған бірнеше жерден оқ тиген. Ал інісі, бокстан спорт шебері Қуандық Жүсіпов оқиға орнында көз жұмған. «Қансейіт содан соң ғана қорғану мақсатында аңшы мылтығын қолына алды» дейді жұбайы. Ал екі кештің ортасында болған қырғынды әдейі жасалған қастандық деп есептейді.

 Айта кетейік, аталмыш қылмысқа қатысты осыған дейін іздеуде жүрген 4 күдіктінің екеуі ұсталды. Оқиға болған күннің ертеңіне 6 адам қамауға алынған болатын. Қазір кісі өлтіру, бұзақылық, заңсыз қару және есірткі айналымы фактілерімен 8 қылмыстық іс қозғалған.

Серіктес жаңалықтары