$ 511.22  540.05  4.73
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Петропавл халықаралық әуежайы екі рет аукционға шығарылып, сатылмай қалды

Нысанды сатып алушы 10 жыл бойы әуежайды өзгертпей жолаушылар тасымалын қамтамасыз етуі шарт

Петропавл халықаралық әуежайы екі рет аукционға шығарылып, сатылмай қалды

Петропавл халықаралық әуежайы екі рет аукционға шығарылып, сатып алушы табылмады.  Коммуналдық меншіктегі мекеменің кірісінен шығыны басым, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

Бұған дейін нысанның мүлкі 5,6 млрд теңгеге бағаланған еді. Екі ай бойы жаңа иесін таппаған әуежайдың бағасы екі есе, 2,8 млрд теңгеге дейін төмендетілді. Алайда нысанды сатып алуға ешкім ниет білдірмеген. Инвестор конкурсқа қатысу үшін алғашқы салым ретінде 840 млн теңге төлеуі керек.

«Әуежайдың мүлкін арнайы компания 5,6 млрд теңгеге бағалады. Мұндай шаруамен аккредитациясы бар мекеме ғана айналысады. Алайда аукционға қатысуға ешкім ниет білдірмеген. Инвестор табылып, нысан сатылғанша тендер жариялай береміз», - дейді облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары Мирхат Әбілмәжінов.

Нысанды сатып алушы 10 жыл бойы әуежайды өзгертпей, жолаушылар тасымалын, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуі шарт. Нысан 2015-2016 жылдары күрделі жөнделген болатын. Бұл мақсатқа 7 млрд теңге жұмсалды. Әуежай әзірге жұмыс істеп тұр. Әуе рейстері күн сайын Нұр-Сұлтан қаласына және аптасына 5 рет Алматы қаласына қатынайды. Бұл бағыттар бойынша тасымалдаушы субсидия алып отыр.

«Сараптама әуежайдың шығынмен жұмыс істеп тұрғанын көрсетті. Мемекеттік орган оған қаржы бөле алмайды. Сондықтан оны коммуналдық меншіктен жекенің қолына беру жөнінде шешім қабылданды. Әуежайды аукционға шығарудағы мақсат – алдымен нысанды сенімді басқаруға беріп, кейін сату. Инвестор өз қаражатын салып, әуежайды дамытатынына сенімдіміз. Күрделі жөндеу жүргізу, алыс бағыттарға әуе рейстерін ашу қажет», - дейді Мирхат Әбілмәжінов.

Серіктес жаңалықтары