$ 523.2  594.3  6.38
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Шымкентте 300 азамат жүргізуші құқығынан айырылды

Олардың көбі мас күйінде көлік айдағандар

Шымкентте 300 азамат жүргізуші құқығынан айырылды
фото: kolesa.kz

Биылғы жылдың 4 айында Шымкент қаласының Полиция департаменті Әкімшілік полиция басқармасының Процессингтік орталығына 333 тұлғаға қатысты көлік құралдарын басқару құқығынан айыру туралы қаулылар мен үкімдер келіп түсті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Оның ішінде 296 азамат әкімшілік құқық бұзушылық үшін жүргізуші құқығынан айырылды.

Шымкент қалалық Полиция департаментінің мәліметіне қарағанда ҚР ӘҚБтК-нің 596-бабы 3-бөлігі «Көлiк құралын жолдың жүру бөлiгiнде орналастыру, қарсы жүрiп өту немесе басып озу қағидаларын бұзу» бойынша 62 жүргізуші; ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабымен «Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және немесе уытқұмарлық масаң күйде басқаруы» -179 тұлға; ҚР ӘҚБтК-нің 610-бабы «Көлiк құралдары жүргiзушiлерінiң жол жүрісі қағидаларын адамдардың денсаулығына зиян келтiруге, көлiк құралдарының немесе өзге де мүлiктiң бүлінуіне алып келген бұзушылығы» бойынша 9 азамат; ҚР ӘҚБтК-нің 613-бабы 4-бөлігі «ІІО қызметкерінің мас күйін куәландырудан өту туралы заңды талабын орындамау» бойынша - 19 адам жауапқа тартылған.

Ал қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін 64 адамға қатысты жүргізуші құқығынан айыру туралы үкім шығарылды.

Серіктес жаңалықтары