$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Сатып алу келісімдері азайды: Қазақстанда қандай үйлер сұранысқа ие

2022 жылғы сәуірде тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелерінің 12% кеміді

 

Сатып алу келісімдері азайды: Қазақстанда қандай үйлер сұранысқа ие
Фото: gov.kz

Ұлттық статистика бюросының мәліметіне сүйенсек, 2022 жылғы сәуірде тұрғын үйді сатып алу-сату бойынша 52 520 мәміле тіркелді. Яғни, көрсеткіш наурыз айымен (67 801) салыстырғанда көрсеткіш 22,5% кеміді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Сатып алудың ең көп саны Қарағанды облысында – 8 898, одан кейін Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларында, тиісінше 6 583 және 5 900 шарт тіркелді. Наурыз айында да дәл осы үш аймақ тұрғын үй нарығының саудасында көш бастаған болатын. Мәміле саны ең аз болған өңір – Солтүстік Қазақстан облысы – 958 шарт», - делінген ақпаратта.

Сондай-ақ қазақстандықтарды көбіне көппәтерлі үйлердегі тұрғын үй қызықтырған – барлығы 38 149 мәміле тіркелген.

«Көппәтерлі үйлердегі бөлмелер саны тұрғысынан 2-бөлмелі пәтерлер сұранысқа ие. Сәуірде 15 мыңнан астам 2-бөлмелі пәтер рәсімделді, ал 1-бөлмелісі одан сәл аз – 13 мың. Жеке үйлер бойынша 14 371 мәміле рәсімделді. Жер үйлерді Алматы, Кызылорда және Солтүстік Қазақстан облыстарының тұрғындарды құп көрген», - делінген ведомство хабарламасында.

2022 жылғы сәуірде тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелерінің саны өткен жылдың тиісті айымен салыстырғанда 12% кеміді. Тұрғын үй нарығындағы мәмілелердің өткен жылғы сәуірмен салыстырғанда ең көп кемуі Маңғыстау облысында – 48,9% тіркелді.

Серіктес жаңалықтары