Талдықорғанда жер телімін алуға 30 мыңнан астам адам өтініш берген
Мыңдаған адамның мәселесін шешу үшін арнайы жұмыс тобы құрылды
Алматы облысы орталығында бүгінде 30 520 адам жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер теліміне кезекте тұр. Оның ішінде Өтенай ауылдық округінде – 26200, Еркін ауылдық округінде 4320 адамнан жер алуға өтініш берген. Талдықорған қаласының әкімі Әсет Масабаевтың айтуынша, мыңдаған адамның мәселесін шешу үшін арнайы жұмыс тобы құрылған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
ҚР Президентінің хаттамалық тапсырмасын орындау мақсатында ЖТҚ үшін жер учаскелерін алуға «Кезекте» тұрғандардың ашық бірыңғай тізімін енгізу мақсатында жер учаскелерін беру туралы өтініштерді түгендеу және жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелерін алуға кезекте тұрғандардың ашық бірыңғай тізімін енгізу жөніндегі жұмыс тобы бар.
«Екі округте жер кезегіне түгендеуді аяқтап, «Кезекте» тұрғандардың ашық бірыңғай тізілімін енгізу үшін тізімдерді Алматы облысының жер қатынастары басқармасына тапсырды.
Осыған байланысты eGov.kz электрондық үкімет порталында кезекке қою қызметі іске қосылды бүгінгі күні екі округ кезектілікті түгендеуді аяқтады және кезекте тұрғандардың ашық бірыңғай тізілімін енгізу үшін тізімдерді Алматы облысының жер қатынастары басқармасына берді. Қазіргі уақытта «Жастар-3» тұрғын үй алабының бекітілген егжей-тегжейлі жоспарлау жобасы бойынша кезектілікке сәйкес жер учаскелерін бөлу жоспарланған. Айта кету керек, ондағы 514 жер учаскесі инфрақұрылыммен қамтамасыз етілген», - деді қала әкімі.