$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

СҚО-да екі айда қан айналымы жүйесі ауруларынан 200-ден аса адам қайтыс болды

Биыл өңірде қан айналымы жүйесі аурулары бойынша 47 447 адам скринингтен өтуі тиіс

СҚО-да екі айда қан айналымы жүйесі ауруларынан 200-ден аса адам қайтыс болды
Фото: mozaWeb

Солтүстік Қазақстанда қан айналымы жүйесі ауруларынан өткен екі айда 206 адам қайтыс болды. 2020 жылы жоғары қан қысымымен 59 919 адам диспансерлік есепте тұрса, былтыр жаңадан 4 778 науқас анықталып, дәрігер бақылауындағы сырқаттардың саны 62 351-ге жетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

Биыл қан айналымы жүйесі аурулары бойынша 47 447 адам скринингтен өтуі тиіс. Үш айдың ішінде 9 230 адам тексерілді. Нәтижесінде 317 адамда ауру анықталып, 313-і диспансерлік есепке алынды.

«Артериялық гипертония ұғымының ауқымы кең. Көп жағдайда бұл жоғары қан қысымымен қатысты. Ал артериялық гипертензия – бұл өте баяу, көбінесе байқалмайтын, бірнеше жыл ішінде дамитын өте қауіпті ауру. Артериялық гипертензия бүйрек жұмысында және олардың артерияларында ауытқушылық бар екенін көрсетеді. Сонымен қатар, бұл ауру тиреотоксикозда – қалқанша безінің ауруы, яғни гормондар өндірісі жоғарылаған кезде болады. Жоғары қан қысымы жүрек ауруларына әкеледі. Дәрігер ем тағайындамас бұрын артериялық гипертензияның себебін анықтауы тиіс», - дейді кардиологиялық орталықтың бөлімше меңгерушісі Елена Донова.

Дәрігердің айтуынша, гипертонияның нақты неден туындайтыны белгісіз, бірақ оның пайда болуына әсер ететін бірқатар фактор бар, олар: кәдімгі ас тұзын шамадан тыс тұтыну, темекі шегу, алкогольді ішімдіктер ішу, семіздік, кенеттен стрестік жағдайға душар болу немесе жүйке сарқылуы, аз қимылдау.

«Гипертонияның салдарынан тамырлар тұрақты түрде қысылып, салдарынан миға, бүйрекке және жүрекке қан жеткіліксіз барады. Артерияның тарылуынан қан мүлдем бармай тоқтап қалуы мүмкін. Бұл қан айналымын бұзып, нәтижесінде инсульт немесе миокард инфарктісін тудыруы мүмкін. Гипертония кезінде бас ауырады, құлақ шуылдап, көз қарауытады, кеуде тұсы ауырып, ентігу болады. Егер қан қысымы күрт көтерілсе, онда құлақтың шуылдауымен бірге құсу, жүрек айну, көздің қарауытуы және бас ауруы пайда болуы мүмкін. Науқастың көңіл-күйі де өзгеріп, өлімнен қорқу сезімі пайда болады. Бұла – қан қысымының өте жоғарылағанының белгісі. Аурудың күрт асқынуы мидың, көздің, бүйректің және жүрек пен қан тамырларының жұмысын бұзады», - дейді Елена Донова.

Гипертония түрінде артериялық гипертензияны дәрілік емес әдістермен емдеуге болады. Ол үшін тұз, дәмдеуіштер, оңай сіңетін көмірсулар мен түрлі майларды қолдануды шектеп, диета ұстанған жөн. Ас мәзіріне теңіз өнімдерін, жаңа піскен көкөністер мен жемістерді, сондай-ақ кальций, магний және калий бар өнімдерді көптен енгізу керек.

«Стресс – артериялық гипертензияның алғашқы себептерінің бірі. Міндетті түрде физикалық белсенділік, соның ішінде жүзумен айналысу. Артық салмақпен күрес, салмақ жоғалтпай, гипертонияның алдын алу туралы айтудың қажеті жоқ. Темекі шегуден бас тарту қажет. Ас тұзын тұтынуды азайтып, спирттік ішімдіктерден бас тарту керек. Адам тұқым қуалаушылық пен қоршаған ортаны өзгерте алмағанымен, өмір сүру және тамақтану салтына әсер ете алады. Артериялық гипертензиясы бар пациенттер дәрігердің ұсынымдарын қатаң ұстануы және препараттарды тағайындау бойынша қабылдауы тиіс, осылайша асқынуға жол бермейді», - дейді кардиолог дәрігер.

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#СҚО #науқастар