$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қазақстанда референдум өткізуге 16 млрд теңгеден астам қаржы жұмсалмақ

Қаржы республикалық бюджеттен бөлінеді

Қазақстанда референдум өткізуге 16 млрд теңгеден астам қаржы жұмсалмақ
© Sputnik

Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев Конституцияға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бойынша өтетін республикалық референдумды ұйымдастыруға бюджеттен қанша қаржы бөлінетінін жария етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Референдум өткізуге республикалық бюджеттен 16 миллиард 460 миллион теңге бөлінеді», - деді Ерұлан Жамаубаев.

Оның айтуынша, Орталық сайлау комиссиясы тиісті есептерді ұсынған.

«Бүгін Үкімет тиісті қаулы қабылдады. Қаржы республикалық бюджеттен бөлінеді», - деді ол журналистерге.

Оқи отырыңыз: Орталық референдум комиссиясы Қазақстан азаматтарына үндеу жасады

Еске салайық, Қасым-Жомарт Тоқаев 5 маусымда Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша референдум өткізу туралы жарлыққа қол қойған болатын. Орталық сайлау комиссиясы республикалық дауыс беруді өткізу тәртібі туралы айтты. Бұған дейін еліміздің Конституциясына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар жобасы жарияланған болатын.

 
Серіктес жаңалықтары