Астанада терезеде ілініп тұрған балақайды құтқарған екінші жігітке де пәтер сыйға тартылды

Сәбиттің 4 баласы, Сағидің 3 баласы бар

Астанада терезеде ілініп тұрған балақайды құтқарған екінші жігітке де пәтер сыйға тартылды

Кеше астанадағы көпқабатты пәтерлердің бірінің терезесіне ілініп қалған үш жасар балақайды құтқарып қалған екінші жігітке де пәтер сыйға тартылды. Бұл туралы белгілі блогер Дәулет Мұқай Instagram парақшасында мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

«Керемет сезімде тұрмын. Gbg құрылыс компаниясы Сәбиттің досы Сағиға 2 бөлмелі пәтер сыйлайтын болды. Бағанадан бері уайымым Сағи болып еді. Сағат 00:18-де вацабыма компания басшысынан осындай хат келді. Әрине, бұл шешімді құптаймыз. Біз қуанамыз. Алла ұлық», - деп жазды Дәулет.

Оқи отырыңыз: Астанада 9-қабатқа шығып алған баланы көршісі құтқарып қалды

Бүлдіршінді құтқарған Сағи мен Сәбит құрылыс саласында жұмысын енді бастап жатқандар. Екі дос Қызылордадан Нұр-Сұлтанға бала-шағасын тастап, нәпақа табуға келген жандар. Келгендеріне көп болмаған (шамамен 2 апта).

Оқи отырыңыз: Астанада үш жасар бүлдіршінді құтқарған жігітке белгілі депутат үш бөлмелі пәтерді сыйға тартты

«Сәбит пен Сағи жұмысқа бара жатып, 8-қабатта ілініп тұрған қызды көреді де, бірден сол үйге бет алады. Сол арада лифт те жоғарыда тұрады. Осылайша екі жігіт жаяу 8 қабатқа көтеріледі. Есік қаққанымен, үйде ересек адам болмаған. Сөйтіп, 8-ден 7-ге түскен, абырой болғанда сол үйдің есігі ашық тұр екен. Екеуі де кіріп кетіп, дереу баланы құтқаруға кіріседі. Бұл жағдайда Сағидің да ерлігі елеулі. Денелі жігіт Сәбитке тіреу болып тұрды. Сағидың қолында бір емес, 2 адамның тағдыры қыл үстінде тұрды десек те болады. Екі досты бөліп жармай, барлық медаль (марапат), баспана екеуіне де берілсе екен деймін. Сәбиттің 4 баласы, Сағидің 3 баласы бар», - деп жазған  болатын Дәулет Мұқаев.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.