$ 510.78  576.06  6.35
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Астанада үш жасар бүлдіршінді құтқарған жігітке белгілі депутат үш бөлмелі пәтер сыйға тартты

Сәбит Шонтақбаев қазіргі таңда G-Park компаниясында жеке пәтерін таңдап отыр

Астанада үш жасар бүлдіршінді құтқарған жігітке белгілі депутат үш бөлмелі пәтер сыйға тартты
Фото: Александр Куприенко / Instagram: Алтай Көлгінов

Бүгін таңертең ғана елордада үш жасар қыздың өмірін құтқарып қалған көпбалалы әке Сәбит Шонтақбаевқа депутат Ғабит Сәтмағамбетовтің жеке қоры үш бөлмелі пәтерді сыйға тартты. Бұл туралы қордың басшысы Айнұр Оспан мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі. 

«Дәл қазір Сәбитке «Ғабит Сәтмағамбетовтің» жеке қоры мен «G-Park» құрылыс компаниясы бірлесіп, астанадағы «Рио-де-Жанейро» тұрғын үй кешенінен үш бөлмелі пәтерді сыйға тартып жатыр. Батырымыз дәл қазір қасымда пәтерлердің орналасуын қарап отыр. Қор директоры, депутат Ғабит Сәтмағабетов Сәбиттің кішкентай бүлдіршінді құтқарып қалған видеосын көрген. Өзі қызмет бабымен шет мемлекетте жүргендіктен, маған хабарласып «Айнұр, ақпараттың бәрін анықта. Қаһарманымыз пәтерсіз жүрген болса, біз өз тарапымыздан қолұшымызды созайық» деді. Мен бірден Сәбитке байланысқа шықтым»,-деді Айнұр біздің тілшімізге. 

Еске салсақ, астанадағы Ұлы дала көшесіндегі тұрғын үйдің 9-қабатының терезесіне шығып алған баланы көршісі құтқарып қалған. Бүлдіршін балконда ілініп тұрған.

Серіктес жаңалықтары