11.05.2022, 20:17
Жаңалықтар
Алматыда толассыз жауған жаңбырдан көшелер мен аулаларды су басты
Алматыда бүгін түстен кейін нөсер жауын басталған
фото: almaty.tv
Алматыда толастап жауған жаңбырдан көшелер мен аулаларды су басты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Су басудың алдын алу және жою мақсатында мердігерлік ұйымдардың кезекшілігі ұйымдастырылды. Суды кедергісіз ағызу және сорып алуды қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды жүргізу үшін жалпы саны 609 адам, 252 бірлік арнайы техника және 24 мотопомпа жұмылдырылды. Құм салынған 2050 қап дайындалды», деп көрсетті қала әкімдігінің баспасөз қызметі.
«Қазгидромет» РМК болжамына сәйкес, бүгін түнде қатты жаңбыр жауады, алдағы үш тәулік ішінде де жауын-шашын болады деп күтілуде.
Қалалық абаттандыру қызметі су басуды жою үшін бітелген учаскелерді тазалау бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.
Көп оқылған
27.11.2026, 11:35
Бес баланың әкесі: «Атыраулық хакер» жігіт кім және ол не үшін жазаланды
27.11.2026, 13:54
Екі жасар баласына былапыт сөз айтқызып, видео түсірген ақтөбелік әйелдің үйіне полиция келді
27.11.2026, 09:51
«Атыраулық хакер» атанған жігітке сот үкімі шықты
