$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қазақстандықтар үш тонна алтын құймасын сатып алған

Құймалардың ең көп саны Алматы, Нұр-Сұлтан және Атырау қалаларында сатылды

Қазақстандықтар үш тонна алтын құймасын сатып алған
Фото: unsplash.com

2022 жылдың наурыз айында қазақстандықтар алтын құймаларын 2021 жылдың осы айымен салыстырғанда 2,9 есе көп сатып алған. Сатып алынған асыл металдың салмағы бірден 3,5 есеге өсті. Бұл ретте 2021 жыл алтын сату бойынша ең жоғарғы көрсеткішке жеткен еді. Жалпы алғанда, 2017 жылдан бері қазақстандықтарға жалпы салмағы үш тоннаны құрайтын 87,53 мың алтын құймасы сатылған. Биыл алтын сату көлемінің артуы шиеленіскен геосаяси жағдайға, қаржы нарығы мен валюта бағамының құбылмалылығына байланысты болып отыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі ranking.kz-ке сілтеме жасап.

2022 жылдың наурыз айында Қазақстанда жалпы салмағы 167,2 келі болатын 8,3 мың алтын құймасы сатып алынған. 2021 жылы жалпы салмағы 1,1 тонна болатын 32,3 мың құйма сатып алынды. 2017-2021 жылдар аралығындағы жалпы жылдық өсу қарқыны 69% құраған. Өлшеулі құймалар нарығы Қазақстанның барлық аймақтарын қамтып отыр. Бұл ретте құймалардың ең көп саны Алматы, Нұр-Сұлтан және Атырау қалаларында сатылды.

Алтын құймалар 5, 10, 20, 50 және 100 грамдық бес түрде ұсынылған. Сатып алушылар арасында ең танымалы – салмағы 10 грамм болатын құйма.

Ұлттық банк 2017 жылдан бастап халыққа сертификатталған тазартылған алтын құймаларын сатумен айналысып жатыр. Мақсат – қазақстандықтарды қаражатты сақтап қалудың және ақша жинаудың қосымша инвестициялық құралымен қамтамасыз ету.

«Тарихи тұрғыдан алғанда, алтын стратегиялық актив ретінде қарастырылады, бұл әсіресе дағдарыс кезінде айрықша байқалады. Алтынға инвестиция салу инфляциядан қорғап қана қоймай, капиталды ұлғайтуға мүмкіндік береді. Мысалы, 2016 жылдың басынан 2022 жылдың 4 мамырына дейін алтынның бағасы бір унция үшін 1000 доллардан 1900 долларға дейін айтарлықтай, яғни 76,4%-ға көтерілді» деп жазады басылым.

Алтынға инвестиция салудың тиімділігі:

- жоғары өтімділігі;

 - ұзақ мерзімді салым;

- инфляция мен экономикалық дағдарыстан қорғайды;

- клиентке ақшаны «сол күні» төлей отырып, сатып алу мүмкіндігі бар (қорғаныс қаптамасы бүтін қалпында). Қазақстанда жалпы салмағы 303,3 килограмды құрайтын 12,37 мың өлшеулі құйма сатып алу қабылданды, бұл елдегі жалпы өлшеулі құйма сатылымының 14%-ын құрайды.

Қазіргі уақытта алтын құймаларын Halyk Bank-те, Еуразиялық банкте, Jusan Bank-те, ЦентрКредит банкінде, сондай-ақ кейбір банктік емес айырбастау пункттерінде сатып алуға және сатуға болады.

Серіктес жаңалықтары