$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қазақстанның Кеден одағынан шығу туралы бастама көтергені рас па – министрлік жауабы

Сауда және интеграция министрлігі желіде тараған ақпаратты жоққа шығарды

Қазақстанның Кеден одағынан шығу туралы бастама көтергені рас па – министрлік жауабы
© Sputnik

Әлеуметтік желілерде Қазақстанның ЕАЭО Кеден Одағынан шығу туралы бастама көтергені жайлы тараған ақпаратқа қатысты ҚР Сауда және интеграция министрлігі пікір білдірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі stopfake.kz-ке сілтеме жасап.

Желідегі ақпаратқа сенсек, бұған «Қазақстан мен Ресей арасындағы шешілмеген келіспеушіліктер» себеп болған екен. Алайда министрлік бұл ақпаратты жоққа шығарды.

«Қазақстанның жоспары» туралы ақпарат шындыққа жанаспайды», – деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Сондай-ақ таратылған хабарламада Қазақстан ЕАЭО-дан шығуды жоспарлап отыр деп мәлімдеген автор өзінің дереккөзіне сүйенген. Бұл – фейк ақпараттың белгілерінің бірі, өйткені дереккөзді анықтау және оны тексеру мүмкін емес.

Ресми порталдарда және БАҚ-та Қазақстанның ЕАЭО-дан шығу жөніндегі жоспарлары туралы ақпарат жоқ.

Серіктес жаңалықтары