10.05.2022, 15:01
Жаңалықтар
Президент Түркияға мемлекеттік сапармен барды
Бұл туралы БОРТ №1 телеграм каналы хабарлады.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Реджеп Тайип Ердоғанның шақыруымен Түркия Республикасына мемлекеттік сапармен келді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Түркия астанасы «Есенбоға» халықаралық әуежайында Қазақстан Президентін Түркияның вице-президенті Фуат Октай, Анкара губернаторы Васип Шахин және басқа да бірқатар ресми тұлғалар күтіп алды.
Мемлекет басшысы Анкарадағы екі күндік сапары барысында Түркия Президенті Реджеп Тайип Ердоғанмен шағын және кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізіп, түркиялық ірі бизнес өкілдерімен өтетін бизнес форумға қатысуы жоспарланған.
Көп оқылған
13.11.2026, 14:56
Қазақстандық тур компаниялар Меккедегі қазақ қызын алдап, миллиондаған қарызға батырған
13.11.2026, 09:55
Ант қабылдап тұрған сарбаз есінен танып қалды ма: желіде тараған видеоның мән-жайы белгілі болды
13.11.2026, 15:18
«Біздің қас жауымыз»: Тоқаев Қазақстанда жымысқы әрекет ойлап жүргендердің «құпиясын» жайып салды
