Сенаторлар Қонаев қаласының тұрғындарымен кездесті
Депутаттар алдағы референдум мен конституциялық реформаның негізгі бағыттарын талқылады
ҚР Парламенті Сенатының депутаттары Нұртөре Жүсіп пен Динар Нөкетаева Қонаев қаласының тұрғындарымен кездесіп, облыс орталығын қайта атауға арналған салтанатты іс-шараға қатысты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
"Қапшағай атауын Қонаев деп өзгерту - қала тұрғындары үшін көптен күткен маңызды оқиға болды", - деді сенатор Динар Нөкетаева.
Сенаторлар сондай-ақ алдағы референдумды және конституциялық реформаның негізгі бағыттарын талқылады.
"Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі референдум - Мемлекет басшысы бастамашылық еткен саяси реформалардың маңызды кезеңі. Біз 5 маусымда ұсынылған алдағы өзгерістердің бағыттары бойынша таңдау жасайтын боламыз", - деп атап өтті Нұртөре Жүсіп.
Депутаттар кездесу барысында қала тұрғындарымен және басшылығымен облыс орталығының даму келешегін, сондай-ақ елді мекеннің мәртебесін арттырудың өңірдегі барлық тұрғындарға маңыздылығы талқыланды.