Бұл туралы Иран Сыртқы істер министрлігінің басшысы мәлімдеді
Иран билігі украиналық әуе жолының жолаушылар ұшағына зымыранды қателесіп бағыттап жіберген зенитшіні қамауға алды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ISNA агенттігіне сілтеме жасап.
«Иранда украиналық ұшақты қателесіп атып түсірген адам бүгінгі күні түрмеге отыр», – деп мәлімдеді Иран СІМ басшысы Мохаммад Джавад Зариф.
Айта кетсек, 8 қаңтар күні Тегераннан Киевке бет алған украиналық ұшақ әуежай маңында апатқа ұшыраған еді. Ұшақ бортында болған 176 адам түгел қаза тапты.
Ал Иран билігі ұшақты қателесіп атып түсіргені туралы 11 қаңтар күні мойындаған болатын.