25.01.2020, 12:07
Жаңалықтар
Қытай дәрігерлері коронавирус жұқтырған науқасты емдеп жазды
Қауіпті індетті жұқтырған 56 жастағы әйелді емдеп жазуға бір апта уақыт кеткен
Фото: News.CN
Шанхайда коронавируспен ауырған адам алғаш рет толық емделіп шықты, деп жазады қытайлық Sina басылымы. Басылым дерегінше, Ухань қаласындағы қауіпті індетті жұқтырған 56 жастағы тұрғынды толық емдеп жазуға бір апта уақыт кеткен.
15 қаңтар күні әйел коронавирус жұқтырды деген күдікпен ауруханаға жатқызылған екен. Кейінірек дәрігерлер оның диагнозын растайды.
Науқасқа бірнеше күн ем жүргізілгеннен кейін, оның жағдайы жақсара бастапты. Тағы біршама уақыттан соң қабыну процесі сап тыйылып, науқас ауруынан толық айығып кеткен.
Дәрігерлер әйелді коронавирус тестінен өткізгенде, аурудың еш белгісі табылмаған.
Көп оқылған
07.10.2026, 16:45
Қазақ ғалымдары шұжықтың ішіндегі ит пен мысық, тышқан мен шошқаның етін лезде анықтайтын тест ойлап тапты
07.10.2026, 11:58
Тоқаев қорғаныс министрінің тағы бір орынбасарын жұмысынан қуды
07.10.2026, 10:58
Миллиардтаған ақшаны ысырап етпек болған: Қазақстан жолдарын жөндеу кезіндегі былықтың беті ашылды
07.10.2026, 18:00
Ақтауда балықтан уланған тоғыз жасар бала 20 күннен кейін көз жұмды