ШұғылҚазақстанда COVID-19 вирусын жұқтырғандар саны 110 мың адамға жуықтады

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік қызметкерлері #BizBirgemiz челленджіне қатысты

Агенттік қызметкерлері үй аулаларын қардан тазартты

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қызметкерлері #BizBirgemiz челленджі аясында тұрғын үйлердің аулаларын тазалады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy агенттіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  

«ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі қала көшелерін қардан тазалау бойынша челленджді Жоғарғы Соттан қабыл алды. Қызметкерлер агенттік ғимаратына жақын маңдағы іргелес жатқан үйлердің аулаларын тазалады. Бұл челленджді біз Ішкі істер министрлігіндегі әріптестерімізге жолдаймыз», – деп атап өтті агенттік төрағасының бірінші орынбасары Олжас Бектенов.

Естеріңізге сала кетсек, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев шоумен Тұрсынбек Қабатовтың елорда аулаларын қардан тазарту жөніндегі ұсынысын Қазақстанда жарияланған Еріктілер жылының аясындағы орынды бастама деп қолдаған болатын.