$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
25.01.2020, 17:24
Жаңалықтар

Ауа райы: еліміздің бірқатар өңірінде дабылды ескерту жарияланды

26-27 қаңтар күндері еліміздің солтүстік өңірлерінде қар жауып, бұрқасын болады

Ауа райы: еліміздің бірқатар өңірінде дабылды ескерту жарияланды

Ауа райының нашарлауына байланысты еліміздің Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Қостанай, Шығыс Қазақстан және Батыс Қазақстан облыстарына дабылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидромет» РМК-ге сілтеме жасап.

Алдағы 26-27 қаңтар күндері Ақмола облысында қар жауып, бұрқасын, көктайғақ болады. 26 қаңтарда жел жылдамдығы 15-20 м/с, 27 қаңтарда түнде екпіні 23 м/с болады.

Солтүстік Қазақстан облысында да екі күн бойы қар жауып, боран соғады. Кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан жылдамдығы 15-20 м/с жел соғады, кей аумақта жел екпіні 23-28 м/с болады.

Көкшетау қаласында қар, бұрқасын, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші күндіз 15-20 м/с, түнде – 23 м/с жетеді. Ал Петропавл қаласында қар жауып, боран соғады, желдің екпіні 23 м/с дейін жетеді.

Сондай-ақ, Шығыс Қазақстан облысының кей аумағында түнде қалың қар жауады. Кей жерлерде бұрқасын соғып, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші кей тұста 15-20 м/с жетеді. 

Ал Батыс Қазақстан облысында жауын-шашын жауып, кей аумағында көктайғақ, бұрқасын күтіледі. Солтүстік-батыстан, батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с, кей жерлерде 25 м/с жетуі мүмкін. Орал қаласында бұрқасын, көктайғақ, солтүстік-батыстан, батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с дейін жетеді. 

Сонымен қатар, Қостанай облысында қар, бұрқасын, кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан жылдамдығы 15-20 м/с, күндіз екпіні 23-28 м/с жел соғады. Қостанай қаласында да қар жауып, бұрқасын болады, оңтүстік-батыстан екпіні 15-20 м/с болатын жел соғады.

Серіктес жаңалықтары