Елордада «Қамқор» қайырымдылық акциясы басталды
Акция барысында 60 отбасыға азық-түлік себеті тапсырылды
Елордалық Ассамблея этномәдени бірлестіктердің кәсіпкерлерімен бірлесіп, «Қамқор» қайырымдылық акциясын ұйымдастырды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Аталған акция Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің 30 жылдығына және Ұлы Жеңістің 77 жылдығына арналған.
Акцияны ұйымдастырушылардың бірі, «Вайнах» шешен-ингуш этномәдени бірлестігінің төрағасы Башир Солсанов әріптестерінің қашанда қолдау көрсетуге дайын екенін білдірді.
«Біз сіздерден достықты, патриотизмді, Отанға деген сүйіспеншілікті үйренеміз, батылдықтарыңызға бас иеміз. Сіздердің ерліктеріңізді қашанда мақтан тұтамыз!» - деді Башир Уматгереевич.
Ұлы Отан соғысы және тыл ардагерлерін қолдауға бағытталған акция барысында 60 отбасыға азық-түлік себеті тапсырылды. Өз кезегінде көмек алған отбасылар акция ұйымдастырушылары мен демеушілеріне алғыс айтып, жылы лебіздерін білдірді.