Мәулен Әшімбаев: Айбынды армия және антына адал жауынгер – еліміздің тірегі, елдігіміздің кепілі

Azattyq Rýhy
Мәулен Әшімбаев: Айбынды армия және антына адал жауынгер – еліміздің тірегі, елдігіміздің кепілі
фото: egemen.kz

Парламент Сенатының спикері Мәулен Әшімбаев қазақстандықтарды Отан қорғаушы күнімен құттықтады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Құрметті достар!

Баршаңызды Отан қорғаушы күнімен және Қазақстан Қарулы Күштерінің құрылғанына 30 жыл толуымен құттықтаймын!

 Айбынды армия және антына адал жауынгер – еліміздің тірегі, елдігіміздің кепілі. Мемлекеттіліктің мызғымас қамалы саналатын осы екеуі мығым болса, бейбіт аспан мен тұрақты даму қамтамасыз етіледі. Сондықтан сап түзеген сарбаздарымызға жүктелер міндеттің жүгі қашанда ауыр.

 Қазіргі таңда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен армияны дамыту және оның жауынгерлік тиімділігін арттыру бағытында ауқымды жұмыс қолға алынып жатыр. Бұл – қоғамның кешегі «Қаңтар оқиғасынан» кейінгі талап-тілегіне және бүгінгі геосаяси сын-қатерлерге жауап ретінде жасалған маңызды қадам. Осы бағыттағы жаңа басымдықтар әскеріміздің әлеуетін күшейтіп, айбарлы армия қалыптастыруға тың серпін беретіні сөзсіз.

 Біз батыр бабаларымыздың бүгінгі ізбасарлары ерлік рухын әрдайым асқақ қалпында сақтайды деп сенеміз. Отан қорғау деген абыройлы міндетті арқалаған азаматтарымыздың мәртебесі биіктей берсін. Қарулы Күштеріміз қуатты, ел іргесі берік болсын!

 Мерекемен құттықтай отырып, әр отбасына қуаныш, береке, амандық тілеймін. Тәуелсіз Қазақ елі жасай берсін!

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.