Қызылордада мал ұрлаған үш адам қолға түсті

Azattyq Rýhy

Үшеуі де ауыл тұрғыны екені анықталды

Қызылордада мал ұрлаған үш адам қолға түсті
Фото: Polisia.kz

Қызылорда облысында 1,5 млн теңгенің малын ұрлаған үшеу ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылорда облысы Полиция департаментінің Жаңақорған аудандық полиция бөліміне 26 сәуір күні үш ауыл тұрғыны далалық жердегі жайылымнан белгісіз адамдардың сиырларын осы айдың ортасында ұрлағаны туралы шағымданған. Жоғалған малдарын тұрғындар өз күштерімен іздеген, алайда нәтиже болмаған соң полицияға шағымдануға мәжбүр болған. Жәбірленушілерге жалпы 1,5 млн теңге көлемінде шығын келтірілген.

Аталған арыздар бойынша аудандық полиция қызметкерлерімен атқарылған жедел-іздестіру шаралары барысында осы қылмысқа қатысты күдікті үш азаматты анықтап, ұстады. Олар 26, 19 және 18 жастағы ауыл тұрғындары екені белгілі болды. Үшеуі де аудандық полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қазіргі таңда аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-1-бабының 2-бөлігінің 1-тармағына (Ұрлық) сәйкес тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде. Сонымен қатар, аталған қылмыстық топтың облыс көлемінде орын алған басқа да мал ұрлықтарына қатыстылығы тексерілуде.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.