$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Азаматтардың ар-намысын қорлауға жол берілмейді – Қасым-Жомарт Тоқаев

Президент өз сөзінде қазір геосаяси ахуал ушығып тұрғанын айтып өтті

Азаматтардың ар-намысын қорлауға жол берілмейді – Қасым-Жомарт Тоқаев
Фото: Тұрар Қазанғапов

Қазақстан халқы Ассамблеясының кезекті сессиясы кезінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Халқымыз қаңтар қасіретінен сабақ алу керек екенін айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

«Бірлік, татулық және бейбітшілік – біздің мызғымас құндылықтарымыз. Оның айрықша маңызды екенін қаңтар оқиғалары кезінде айқын сезіндік. Қазір қатерлі күндер артта қалды. Сол кезде қандай қауіппен бетпе-бет келгенімізді уақыт өткен сайын ұғына түсеміз. Шын мәнінде, біз мемлекеттілігімізді жоғалтып ала жаздадық. Халқымыз қаңтар қасіретінен сабақ ала білуі керек. Енді ондай жағдай қайталанбауы үшін қолдан келгеннің бәрін жасауға тиіспіз», − дейді Мемлекет басшысы.

Президент өз сөзінде қазір геосаяси ахуал ушығып тұрғаны, жаңа сын-қатерлер пайда болғанын айтты.

«Мұндай жағдайда еліміздің азаматтық бірегейлігін нығайтып, отаншылдық рухын көтеруге баса мән беруіміз керек. «Бірлігіміз – әр алуандықта» деген басты қағидатымыз ешқашан өзгермейді. Біз жас ұрпақты нағыз отаншыл азамат етіп тәрбиелеуіміз керек. Бұл ретте саяси және қоғамдық плюрализмнің түбегейлі түрлеріне жол беруге болмайды. Сонымен қатар, азаматтарды кемсітуге, олардың ар-намысы мен қадір-қасиетін қорлауға жол берілмейді», дейді Президент.

Серіктес жаңалықтары