$ 499.51  525.83  4.62
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

ИИДМ әуежайда тексерілмейтін тұлғалардың тізіміне қатысты түсінік берді

Осы жылдың 18 сәуірінде бұрын қолданыста болған тізімдер қайта бекітілген 

ИИДМ әуежайда тексерілмейтін тұлғалардың тізіміне қатысты түсінік берді
Фото: pixabay.com

Бұқаралық ақпарат құралдарында көлік инфрақұрылымы объектілерінде тексерілмейтін тұлғалардың тізімінің бар болуына қатысты жарияланған ақпаратқа байланысты ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі түсініктеме берді

"Бұл тізім ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 18 шілдедегі № 817 қаулысымен бекітілген. Алайда, заңнамаға енгізілген өзгерістерге байланысты 2021 жылдың соңында мұндай тізбені бекіту құқығы көлік саласындағы уәкілетті орган – Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне берілді.

Осы шешімге сәйкес 2022 жылғы 18 сәуірде ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі № 213 бұйрыққа қол қойып, бұрын қолданыста болған тізімдер қайта бекітілді:

- тексеру жүргізілетін көлік инфрақұрылымы объектілерінің тізімі;

- тексеру жүргізілмейтін тұлғалардың тізімі;

көлік инфрақұрылымы объектілеріне әкелуге тыйым салынған заттар мен құралдардың тізімі", – делінген хабарламада. 

Айта кетерлігі, аталған бұйрық тек вокзалдар, метро станциялары мен теңіз портына, әуежайларға, жолаушылар терминалдары жоқ әуе айлақтарына кіру кезінде тексеруге қатысты жүзеге асырылады. Алайда бұл құжат Қазақстан Республикасының кеден және шекара қызметі органдарының тексеру жүргізу талаптарына қатысты қолданылмайды.

Серіктес жаңалықтары