Ұтымсыз пайдаланылған жерлерді бақылайтын платформа іске қосылады – АШМ

Azattyq Rýhy

Ауыл шаруашылығы жерлеріне ғарыштық мониторинг жасаудың жетілдірілген нұсқасын енгізу пысықталып жатыр

Ұтымсыз пайдаланылған жерлерді бақылайтын платформа іске қосылады – АШМ
Фото: ашық дереккөзден

Биыл жазда «жер инспекторының кабинеті» іске қосылады. Бұл туралы Премьер-министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен отырыста белгілі болды, деп хабарлады Azattyq Rýhy АШМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Министр қазір «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ базасында ауыл шаруашылығы жерлеріне ғарыштық мониторинг жасаудың жетілдірілген нұсқасын енгізу пысықталып жатқанын хабарлады.

«Жер инспекторының кабинеті» жасалды, ол әр жерден алынған деректерді талдап, жер учаскесін ұтымсыз пайдалану белгілерін анықтауға және осындай фактілерге жедел жауап қайтаруға мүмкіндік береді. Бұл платформа 2022 жылдың жазында іске қосылады. Мемлекеттік бақылау әдістерінің пысықталуын ескере отырып, биыл мемлекетке қайтарылған пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы жерлерінің ауданын өткен жылмен салыстырғанда 4 есеге ұлғайту жоспарлануда: 2021 жылы 1,3 млн га қайтарылды, 2022 жылы кемінде 5 млн га қайтару жоспарда бар», – деді Қарашөкеев. 

Сонымен қатар министр ауыл шаруашылығы жерлерінің барлығын цифрландыру аяқталғаннан кейін ғарыштық мониторингтің тиімділігі жақсаратынын атап өтті.

"Бұл процесті 2024 жылы аяқтау жоспарланып отыр", – деді ол.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.