$ 518.37  609.97  6.6
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Мешіттің ішінде ұрлық жасаған азамат қолға түсті

Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр

Мешіттің ішінде ұрлық жасаған азамат қолға түсті
фото: almaty.tv

Тараз қаласының орталық мешітінде ақша мен ұялы телефон ұрлаған азамат ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Тараз қаласының екі тұрғыны орталық мешітте кешкі намаз уақытында, сыртқы киімдер ілініп тұратын бөлмедегі күртешелердің бірінен 50 000 теңге және екінші күртешеден «iPhone 11» маркалы ұялы телефон ұрланғаны туралы полицияға шағымданған.

«Тараз қалалық Полиция басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру шаралары барысында Тұрар Рысқұлов ауданының 33 жастағы тұрғынын ұстады. Ол өзінің ұрлық әрекеттерін облыс орталығына арнайы келіп, үлкен мешітте көп адамның арасында көзге түспеймін деген оймен жасағанын айтты», делінген Жамбыл облыстық ПД хабарламасында.  

Күдікті өз кінәсін мойындады. Қазір ол уақытша ұстау абақтысында қамауда отыр.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 188-бабының 3-бөлігімен (ұрлық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#қылмыс #ұрлық