$ 511.22  540.05  4.73
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

ІІМ халықтан атыс қаруы мен оқ-дәрілерді сатып алу бойынша акция өткізеді

Акцияның алғашқы күнінде полицияға 100-ден астам қару тапсырылды

ІІМ халықтан атыс қаруы мен оқ-дәрілерді сатып алу бойынша акция өткізеді
фото: www.gov.kz

Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету деңгейін арттыру мақсатында ІІМ 25 сәуірден бастап халықта заңсыз сақталудағы атыс қаруын, оқ-дәрілер мен жарылғыш заттарды сатып алу бойынша республикалық акция өткізеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қару-жарақ заттарын ерікті түрде тапсырғаны үшін республикалық бюджеттен қарудың әр бірлігіне оның техникалық жай-күйіне байланысты сомасы 10-нан 100-ге дейінгі АЕК көлемінде төлем көзделген.

Акцияның алғашқы күні полицияға ерікті түрде 109 атыс қаруы тапсырылды. Соның ішінде 20 шолақ мылтық, 88 тегіс ұңғылы, бір травматикалық және шолақ мылтыққа арналған 3,5 мың оқ-дәрі тапсырылды. Барлық қару-жарақ түрлері ІІМ-нің тіркеуі негізінде тексеріліп, криминалдық сараптамалардан өткізіледі.

Қару-жарақ заттарды қабылдау әрбір аумақтық полиция органдарында жүргізілетін болады.

«Тіркелмеген атыс қаруы, оқ-дәрілерді және жарылғыш заттарды ерікті түрде тапсырған адамдар қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке тартылмайды», – деді ведомство өкілдері.

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#қару-жарақ