$ 511.22  540.05  4.73
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
24.01.2020, 03:55
Жаңалықтар

«Нұр-Сұлтан-Жезқазған» пойызының вагондары рельстен шығып кетті

Пойыздағы 683 жолаушының ешқайсысы зардап шекпеген

«Нұр-Сұлтан-Жезқазған» пойызының вагондары рельстен шығып кетті
Фото: ашық дереккөзден

Қарағанды облысының аумағында «Нұр-Сұлтан-Жезқазған» бағытындағы №108 жолаушылар пойызының 4 вагоны рельстен шығып кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі «ҚТЖ» ҰК» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

«23 қаңтарда 21 сағат 43 минутта Қарағанды жол бөлімшесіне қарасты Қарабас станциясының «Қарағанды – Пассажирская – Жарық» учаскесінде «Нұр-Сұлтан-Жезқазған» бағытындағы №108 жолаушы пойызының 4 вагоны рельстен шығып кетті. Жолаушылар тасымалымен «Марал-Нұр» ЖШС айналысады. Пойыз құрамында 16 вагон болған. Пойыздағы 683 жолаушының ешқайсысы зардап шекпеген», - делінген хабарламада.

Компания баспасөз қызметінің мәліметінше, оқыс оқиға болған жерде қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Келесі станцияларға баратын жолаушыларды отырғызу үшін қосымша вагондар ұсыну жұмыстары ұйымдастырылған.

«Оқыс оқиға күрделі метеорологиялық жағдайға байланысты қалың қар мен қатты боран салдарынан болды. Оқиға орнына «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның пойыздың рельстен шығып кету себебін тергейтін және анықтайтын арнайы комиссиясы аттанды», - делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#ҚТЖ #пойыз