$ 511.22  540.05  4.73
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
24.01.2020, 02:57
Жаңалықтар

24 қаңтарға арналған ауа райы болжамы

Жұма күні еліміздің басым бөлігінде боран соғып, көктайғақ болады

24 қаңтарға арналған ауа райы болжамы
Фото: ашық дереккөзден

Синоптиктер жұма күні еліміздің басым бөлігінде боран соғып, қалың қар түсетінін, сондай-ақ көктайғақ болатынын болжады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

Қазгидрометтің мәліметінше, 24 қаңтарда Қазақстан аумағының көп бөлігіне Жайықтың үстінде орналасқан циклон әсер етеді. Осыған байланысты жауын-шашын көбінесе қар түрінде болады, оңтүстік-батыста кей жерлерде қатты жауын-шашын түседі. Еліміздің кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі, жел күшейеді.

Жамбыл облысында кей жерлерде жел соғады, күші 15-20, күндіз екпіні 23-28 м/с, облыстың оңтүстік-батысында 30 м/с және одан аса күтіледі, кей жерлерде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі.

Павлодар облысында бұрқасын, кей жерлерде көктайғақ сақталады, жел 15-20 м/с, кей жерлерде 23-28, екпіні 30 м/с және одан аса соғады, күндіз кей жерлерде 15-20 м/с күшейеді.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі, жел кей жерлерде 15-20, екпіні 23-28 м/с күшейеді.

Қарағанды облысында кей жерлерде тұман, көктайғақ бұрқасын күтіледі, жел кей жерлерде 15-20, түнде екпіні 23-28 м/с.

Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында кей жерлерде тұман, көктайғақ, бұрқасын, жел 15-20 м/с күтіледі.

Түркістан облысында кей жерлерде тұман, көктайғақ күтіледі, жел 15-20, күндіз екпіні 23-28 м/с күшейеді, күндіз боран соғуы ықтимал.

Ақмола облысында жел түнде 15-20, екпіні 23 м/с, күндіз 15-20 м/с, кей жерлерде боран соғып, көктайғақ болуы ықтимал.

Қызылорда, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі, жел 15-22 м/с.

Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында жел 18-23 м/с күшейеді, түнде кей жерлерінде тұман түсуі мүмкін.

Ақтөбе облысының кей жерлерінде көктайғақ күтіледі, түнде кей жерлерде жел 15-20 м/с күшейеді, жаяу бұрқасын соғады.

Атырау облысының кей жерлерінде көктайғақ, Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман күтіледі.

Серіктес жаңалықтары