24.01.2020, 02:29
Жаңалықтар
ДДҰ коронавирусқа байланысты төтенше жағдай жариялаудан бас тартты
Коронавирустан қаза тапқандар саны 18 адамға жетті
Фото: ашық дереккөзден
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Төтенше жағдайлар комитеті Қытайда пайда болған жаңа 2019-nCoV коронавирусына байланысты халықаралық төтенше жағдай режимін енгізуден бас тартты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.
Комитет басшысы Дидье Уссэн мұндай қадамға баратын уақыт келмегенін айтты. Сондай-ақ ТЖ туралы ұсыныс ДДҰ бас директоры Тедрос Аданом Гебрейесусқа жіберілгенін жеткізді. Гебрейесус ДДҰ халықаралық төтенше жағдай жарияламайтынын ресми түрде мәлімдеді. Сонымен қатар ол Қытайға баруға шектеу қоюға қажеттілік жоқ екенін айтты.
Айта кету керек, 23 қаңтардағы жағдай бойынша Қытайда коронавирустан 18 адам қаза тапты. Вирус жұқтырғандар саны - 644.
Көп оқылған
13.07.2026, 10:57
Алматыда жеке кәсіпкер есігінің алдында өсіп тұрған ағашты кесемін деп басы дауға қалды (ВИДЕО)
13.07.2026, 11:50
Астанада түнгі уақытта тыр жалаңаш жүрген ер адам алдағы 25 күнін қамауда өткізетін болды (ВИДЕО)
13.07.2026, 12:17
Ауа райы күрт ысиды: Қазақстанда алдағы күндері температура 45 градусқа дейін көтеріледі
13.07.2026, 13:54
Оралда адам өмірін құтқару үшін жол ережесін бұзған жүргізуші айыппұл төлемейтін болды