25.04.2022, 21:12
Жаңалықтар
5 облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Бірқатар өңірлерде жауын-шашын жауып, екпінді жел соғады
фото: www.ktk.kz
Қазақстанның бес облысының ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Қазгидрометке сілтеме жасап.
Ақмола облысының солтүстік-шығысында оңтүстік-батыстан жел соғып, екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Түнде шығыста, Алматы облысының таулы аймақтарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болуы мүмкін.
«Қарағанды облысының батысы мен шығысына түнде тұман түседі. Жезқазған қаласында түнде тұман күтіледі. Солтүстік Қазақстан облысының шығысында күндіз оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с жетеді. Түркістан облысының таулы аймақтарында найзағай ойнап, көктайғақ болады. Шығыстан соғатын желдің екпіні – 15-20 м/с», – делінген хабарламада.
Көп оқылған
23.11.2026, 11:01
«Балам үш рет түрмеге түскен, оның 25 млн теңге, өзімнің 4 млн теңге қарызым бар»: Алматыдағы «таксист» әже алғаш рет сұхбат берді
23.11.2026, 13:08
«Көз жасымды ұстай алмадым»: анасын іздеген белгиялық Жәнібек туған шешесінің хатын алған
23.11.2026, 07:36
Астанада жаңбыр мен қар, Алматыда көктайғақ: алдағы үш тәулікте ауа райы құбылмалы болады
23.11.2026, 05:27
Теміртау маңындағы тасжолда жарылған дөңгелек үш жол апатына себеп болды
