$ 521.9  593.5  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қаңтар оқиғасы: терроризм актілері бойынша 45 іс тіркелді

Тергеу органдарының іс жүргізуінде 5 041 қылмыстық іс бар

 
Қаңтар оқиғасы: терроризм актілері бойынша 45 іс тіркелді
Фото: oqu.news

Прокуратураның 1-қызмет бастығының орынбасары Елдос Қилымжанов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте қаңтар оқиғаларына байланысты қылмыстық істердің тергелу барысы туралы баяндады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қаңтардағы жаппай тәртіпсіздіктер мен терроризм актілері Алматы, Шымкент қалалары, Ақтөбе, Атырау, Алматы, Жамбыл, Қызылорда және Шығыс Қазақстан облыстарында болған.  

Елдос Қилымжановтың айтуынша, әрбір өңірде тергеу топтарымен тергеу әрекеті жүргізіліп, олардың аяқталуына қарай қылмыстық істер сотқа жолданып жатыр. 

«Бүгінгі тергеу органдарының іс жүргізуінде аталған санатта 5 041 қылмыстық іс бар. Олардың ішінде жаппай тәртіпсіздіктер бойынша 49 іс, терроризм актілерімен 45 іс тіркелді. Өңірлердегі жағдайларды бөліп көрсеткенде, Шымкент қаласының прокуратурасы қиратулар, мүліктерді жою және автокөліктерді өртегені үшін, яғни жаппай тәртіпсіздіктерге қатысқаны бойынша 8 күдіктіні сотқа берді. Бейнежазбада жаппай тәртіпсіздіктердің көрінісі көрсетілген.

Қызылорда облысында осы тектес айыппен 7 адамға қатысты істер кінәні мойындау туралы процестік келісім жасау арқылы сотқа жіберілді. Мұндай істердің сотта қаралу ерекшеліктеріне тоқталып өтейін. Күдікті айыптауға, дәлелдемелерге, келтірілген залалмен дауласпаған кезде және жазаның түрі мен мөлшерімен келіскен жағдайда онымен кінәні мойындау туралы келісім жасалады. Сотта 10 тәуліктен аспайтын мерзімде қаралады және жазаның мөлшері осы баптың санкциясындағы ең жоғары мерзімнің жартысынан аспайды», - деді Бас прркуратура өкілі.

Аталған рәсім бойынша 3 адамға қатысты үкімдер қабылданып, олар бойынша бас бостандығынан айыруға байланысты емес жазалар тағайындалды.

Серіктес жаңалықтары