$ 521.9  593.5  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Жаппай тәртіпсіздік кезінде ұрланған 1,5 мыңға жуық қару тәркіленді

Бүгінде ел азаматтары 142 қару-жарақты ерікті түрде тапсырды

Жаппай тәртіпсіздік кезінде ұрланған 1,5 мыңға жуық қару тәркіленді
Фото: polisia.kz

Прокуратура мен ішкі істер органдары өкілдерінің түсіндіру жұмыстарының нәтижесінде бүгінде 142 қару-жарақ ерікті түрде тапсырылды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР ІІМ тергеу департаментінің бастығы Әділов Санжар мәлімдеді.

«Бұл ретте, ұрланған қаруды табу және алу бойынша жедел-профилактикалық және іздестіру іс-шаралары жалғасып жатыр. Бүгінгі күні еліміздің полицейлері қабылданған шаралармен 1480 бірлік қару мен 35 мыңнан астам оқ-дәрі табылып, тәркіленді. Мысалы осы жылы 6 қаңтарда жаппай тәртіпсіздіктер барысында Алматы қаласы Рысқұлов көшесіндегі «Охотник KZ» қару-жарақ дүкенінен жұмыс істемейтін жергілікті тұрғын екі ойық мылтық пен 7,62 мм калибрлі патрондарды ұрлап кеткен. Ұрланған қару мен патрондар тәркіленіп, күдікті соттың санкциясымен қамауға алынды.

Осы жылғы 21 сәуірде Тараз қаласында жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері жергілікті тұрғынды ұстады, одан 6 қаңтарда Жамбыл облысы полиция департаментінің ғимаратынан ұрланған 9 мм калибрлі патрондары бар Макаров тапаншасы тәркіленді. Ол күдікті де соттың санкциясымен қамауға алынды», - деді полковник.

Серіктес жаңалықтары