$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

ШҚО-да криоконсервация зертханасы ашылады

Зертхана биыл маусым айында жұмысын бастайды

ШҚО-да криоконсервация зертханасы ашылады
фото: bogolybu.com.ua

Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданының Шалабай ауылында асыл тұқымды бұқалардан асыл тұқымды материалды криоконсервациялау зертханасы ашылады. Бұл туралы ElDala.kz "Асыл түлік" асыл тұқымды мал шаруашылығы республикалық орталығына сілтеме жасап хабарлады.

Асыл түлік орталығы қазақ ақбас тұқымының республикалық палатасымен ынтымақтастық аясында "Шалабай" ЖШС бас директоры Қуаныш Сүлейменовпен бірлескен қызмет туралы келісімге қол қойды.

"Ынтымақтастық аясында Шалабай ауылында жаңадан құрылған асыл тұқымды орталықтың жанынан шетелдік және отандық селекцияның сүтті және етті бағыттағы асыл тұқымды бұқаларынан асыл тұқымды материалды криоконсервациялау зертханасын құру жоспарлануда. Бұдан басқа, "Шалабай" ЖШС жанынан бұқаларды өз өнімділігі бойынша бағалау станциясын құрамыз", - деп хабарлады "Асыл түлік" орталығы өкілі.

Криоконсервация зертханасы буферлік аймақта Қазақстанның оңтүстік және шығыс облыстарын қазақтың ақбас, қалмақ, алатау, әулиетинск, симменталь, швицкий және басқа да тұқымды бұқалардың ұрығымен қамтамасыз ету үшін құрылады.

Серіктес жаңалықтары