23.01.2020, 18:14
Жаңалықтар
Australian Open: Юлия Путинцева ІІІ айналымға шықты
Юлияның келесі қарсыласы – әлемнің 3 ракеткасы Симона Халеп
Фото: inbusiness.kz
Мельбурнде өтіп жатқан Australian Open-2020 турнирінде қазақстандық теннисші Юлия Путинцева екінші айналымда жеңіске жетіп, америкалық Даниэль Коллинзден (4-6, 6-2, 5-7) басым түсті. Даниэль Коллинз дәл қазіргі уақытта WTA рейтингінде 25 орында. Ал, Юлия Путинцева әлемдік рейтингте 38 орында.
Юлия Путинцеваның үшінші кезеңдегі қарсыласы – Roland Garros (2018), Wimbledon (2019) турнирлерінің жеңімпазы, әлемнің 3 ракеткасы Симона Халеп. Румыниялық спортшы 2018 жылы Australian Open турнирінің финалына шыққан еді.
Көп оқылған
04.10.2026, 06:19
Домбыра сабағы кезінде баланы ұрған: полиция қылмыстық іс қозғады
04.10.2026, 22:34
Ақтөбеде алғашқы қар жауды (ВИДЕО)