$ 521.9  593.5  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қостанай облысында 300 жүк көлігінің жүргізушісі жұмыссыз қалды

Бұған тапсырыстың болмауы себеп

Қостанай облысында 300 жүк көлігінің жүргізушісі жұмыссыз қалды
Фото ашық дереккөзден

Қостанай облысында тапсырыстың болмауынан бір топ жүк көлігі жүргізушісі жұмысынан айрылды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы кәсіпкерлер палатасының өңірлік кеңесінің есептік кездесуінде Қазақстанның жиһаз және ағаш өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындары қауымдастығының президенті Қанат Ибраев мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Біздің саланың жұмысына алдымен пандемия әсерін тигізді. Оның салдарынан жиһаз материалдарының бағасы өсті. Сәйкесінше, жиһаз жасау, сату бәсекесі күрт азайды. Биыл сала қызметіне 2 жағдай әсер етті. Алдымен қаңтардағы жаппай тәртіпсіздіктер, одан кейін Ресей Федерациясына салынып жатқан санкциялар. Өз кезегінде, Ресей жиһаз ғана емес, бірқатар сала бойынша экспортты тоқтатып жатыр», - деді Қанат Ибраев.

Оның айтуынша, аталған мәселе елордаға ғана емес, басқа да өңірлерге қатысты.

«Сонымен қатар қазір Ресей орман ағашы экспортына тыйым салып жатыр. Бұл біздің орта және шағын бизнеске тікелей әсер етеді. Оның ішінде жиһаз жасау саласы да бар. Әсіресе, Ресеймен шекаралас ШҚО, Қостанай облыстарына ауыр соғады. Мысалы, қазір Қостанай облысында шамамен 300 жүк көлігінің жүргізушісі жұмыссыз қалды. Біз мәселені шешудің жолын қарап жатырмыз. Дегенмен, бұл бизнес емес, саясат», - дейді ол.

Серіктес жаңалықтары